«Қазір мен бес жаңа институционалдық реформа ұсынып отрымын. Біріншісі – экономикалық бағдарламаларды және мемлекеттік қызметтер көрсетуді сапалы жүзеге асыруға жауапты заманауи кәсіптік автономдық мемлекеттік аппарат құру.
Екіншісі – заң үстемдігін қамтамасыз ету, мұнда судьялар мен полиция қызметі сөз болып отыр.
Мемлекет басшысының айтуынша, құқық қорғау органдарының ашықтығын қамтамасыз етіп, полицияларды іріктеудің жаңа жүйесін енгізу, судьяларға біліктілік талаптарды күшейту керек.
Келесі бағыт Қазақстанның индустриаландырылуы мен экономикалық өсіміне қатысты.
«Төртінші мәселе – біртұтас келешек ұлты. Біз – қазақстандықтармыз – бітті, ұлттар арасында ешқандай бөліну болмау керек», - дейді Н.Назарбаев.
Оның пікірінше, қазақстандық тұтастықты әрі қарай нығайту қажет.
«Міне, мен айтып отырған бұл мемлекеттілігіміздің төрт бұрышы. Осы іргетасы негізінде, осы төрт қабырға негізінде бесінші транспаренттік, либералдық, есеп беретін мемлекет құрылады», - дейді президент.
Ол қазақстандық қоғам өзгерістерге біртіндеп бейімделетінін айтады. Бұл ішкі қайшылықтарды болдырмауға, саяси тұрақтылықты нығатйуға ықпвл ететін маңызды фактор, дейді президент.