Назарбаев білімге бөлінген қаржыны қысқартпауға пәрмен берді

Білім және ғылым министріне Елбасы қыруар қаржыны тиімді жұмсауды мықтап тапсырды. Себебі бұл бөлінген бюджет ақшасы қысқартылмаған жалғыз министрлік. Бұған ерекше қуанған Аслан Сәрінжіпов президентке еліміздегі білім беру мекемелері Назарбаев интелектуалдық мектеп бағдарламасына сай оқытыла бастайтынын айтты. Жаңа жүйе шәкірттердің ынтасын аша түсуі тиіс. Қазір республика бойынша, 2 миллионға жуық оқушы 7 мыңнан аса мектептерде оқып жатыр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Қазір біраз уақыт жаңа обьектілердің құрылсын бастамай-ақ қоялық, басталғанын бітіру керек. Қандай 3 ауысымда оқитын  мектеп бар, қанша апатты мектеп бар соларды қарайық әуелі. Сондықтан ол бар жоғарғы мектеп бар, университеттер, білімнің мәселелері бар қазір сол жағынан сөйлесетін боламыз.

Loading...