Телеарна хабарламасына сүйенсек, президент "мемлекеттік шекараны қорғау жүйесін және осы саладағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған құжатқа, халықты әлеуметтік қорғау деңгейін көтеруге бағытталған Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру және еңбек мәселесі бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойған".
Сонымен қатар, "президент 1994 жылдың 15-сәуіріндегі еңбек миграциясы және еңбек етуші мигранттарды әлеуметтік қорғау саласында ынтымақтасу туралы келісімдерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы және Қазақстан Республикасы үкіметі мен Польша Республикасының үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келісімді бекіту туралы заңдарға қол қойды", - деп хабарлайды "Хабар".