Назарбаев Бішкекте ШЫҰ саммитіне қатысады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бішкекте 13 қыркүйекте өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет басшылары кеіесінің 13-ші отырысына қатысады, деп президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Абибуллаев мәлімдеді.


           Отырыс барысында ШЫҰ-ға мүше елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі шараларды әрі қарай дамыту шаралары және Ұйымды дамыту келешегін талқылайды, деп А.Абибуллаев бүгін Астанада қысқаша баспасөз мәслихатында атап көрсетті.