Назарбаев бизнесті ЭКСПО-2017 нысандарын салуға қатыстыру жөніндегі бағдарламаны әзірлеуді тапсырды

"Бізге ЭКСПО-2017 өткізу керек, ол көптеген бизнесмендерге зор мүмкіндіктер бермек. Біздің көптеген бағалауларымызға қарағанда, ЭКСПО құрылысы үшін миллион метр кабель өнімі, жарты миллион тонна цемент, қыруар арматура, кірпіш, блок, басқа да құрылыс материалдары керек", деді ол Астанада жұмада ұлттық инвесторлардың отырысында.

"Оның бәрін өзіміз шығара аламыз және құрылысқа қатыса аламыз", деді Елбасы.