Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Алдымызда әлі де ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Бәсеке күшейеді. Оған дайын болуымыз керек. Себебі, шетелден келетін тауарларға біз шекарамызды ашамыз, тауар Қазақстанға көптеп келетін болады. Сапасы жоғары болса, бағасы төмендеу болса, ол тауарларды халық тұтынып, біздің тауар өндіретін кәсіпорындар жұмысының тоқтап қалу қаупі бар. Барлық бизнесмендерге менің талайдан бері айтып келе жатқаным сондықтан: бәсекеге сай болу керек.
Осылайша, 1996 жылдан басталған маңызды шаруа арада 19 жыл өткенде аяқталып отыр. Мемлекет басшысының өзі бастап жүргізген келіссөздердің нәтижесінде енді елімізге арзан тауар ағылуы тиіс. Яғни, халықта таңдау болады. Оның үстіне алыс берістің 90 пайызы Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше мемлекеттермен жүргізіліп отыр. Ережесі қатал ұйым Астанадан ауыл шаруашылығына сусидия бөліп, жеңілдік жасауды доғаруды талап етіпті. Алайда, дипломаттар ұйым басшыларын өз позициясына жығып көндіре алған. Қазақстан енді алдағы желтоқсан айынан бастап, әлемдік экономиканың 98 пайызын уысында ұстап отырған сауда ұйымының 162-ші толыққанды мүшесі болмақ.
Loading...