Бұл туралы BAQ.kz тұңғыш президенттің баспасөз хатшысына сілтеме жасап хабарлады.
Елбасы Бейжіңде өткен «Бір белдеу, бір жол» екінші халықаралық ынтымақтастық форумына қатысты. Осы орайда ол Джеки Чанмен жолықты.
«Елбасы атақты қытайлық актер Джеки Чанмен кездесті», - деп жазды Айдос Үкібай Твиттердегі парақшасында.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Форумның салтанатты ашылуы аясында сөз сөйлеп, бүкіл Қытай халқын Қытай Халық Республикасының 70 жылдығымен құттықтап, мемлекетті дамыту жолындағы мақсаттарының орындалуына тілектестік білдірген болатын.