Назарбаев электромобиль жүргізіп көрді


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев электромобиль жүргізіп көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Назарбаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды.

Президент электромобильдер көрмесінде болды. Бұл көрмеде ол тізгінге өзі отырып көрді. Қазақстан автобизнесі ассоциациясының президенті Андрей Лаврентьев Мемлекет басшысы электромобильдің артықшылықтары жайлы айтып берді. "Бұл өте арзан, 300 шақырым жүруге болады, әр шақырымға - 1 теңге", - деді ол.