Назарбаев екі кеңесшісін қызметінен босатты

Мемлекет басшысының Өкімдерімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты Мұхтар Құл-Мұхаммед Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметінен; Мағжан Ілиясов Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің  Сыртқы  саясат  орталығының  меңгерушісі қызметінен босатылды", - делінген Жарлықта.

Еске салайық, бұған дейін Мұхтар Құл-Мұхаммедтің "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалғаны хабарланған еді. Ал Мағжан Ілиясов Мағжан Ілиясов Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі және Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Толығырақ:https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/nazarbaev-ek-kenesshsn-kyizmetnen-bosattyi-269639/


Материалды көшіріп басқанда Kaz.tengrinews.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз.