Назарбаев Еуроодақты Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі келіссөздерінің тездетіп аяқталуын қолдауға шақырды

Мемлекет басшысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, президент мұның еуропалық инвесторлар үшін қосымша кепілдік беретініне және елдегі іскерлік-инвестициялық климатты жақсартуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Сонымен қатар, Н.Назарбаев Қазақстанның Еуропалық одақпен қарым-қатынасты дамытуға ерекше ден қоятынын атап өтті.

Оның айтуынша, Еуропалық одақпен арадағы сауда айналымы 50 млрд долларды құрайды. .


Өз кезегінде, Ж.М.Баррозу ЕО пен еуропалық компаниялардың Қазақстанмен арадағы экономикалық байланыстардың одан әрі нығаюына қалайтынын жеткізді.