Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сәрсенбіде EXPO-2017 көрме -кешенінің эскиз-идеяларын іріктеу жөніндегі сәулеттік конкурсының нәтижелерімен танысты, деп хабарлады елбасының баспасөз қызметінен.
Оның ақпаратына қарағанда, президентке көрме өлшемдеріне анағұрлым сай келетін жобалар көрсетілген.
"Нұрсұлтан Назарбаев іріктелген эскиз-идеяларды қарап шығып, әрқайсысының күшті жақтарын атап өткен", делінген онда.
EXPO-2017 көрме -кешенінің үздік эскиз-идеясы туралы шешім артынан жария етілмек.
Алдында хабарланғандай, тұтас алғанда конкурсқа 20 елден, яғни Австрия, Австралия, Ұлыбритания, Германия, Испания, Италия, Канада, Қытай, АҚШ, Нидерланды, Корея, Ресей, Португалия, Норвегия, Түркия, Тунис, Жапония, Франция, Украина және Қазақстаннан жүзден аса өтініш түскен.
Конкурсанттардың жұмысын танымал экономист Джереми Рифкин жетекшілік еткен техникалық кеңес бағалаған.