Назарбаев футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатының ашылу рәсіміне қатысты

Мемлекет басшысы әлем чемпионатының ашылу рәсіміне РФ президенті Владимир Путиннің шақыруымен барған.

Әлем чемпионатының ашылу рәсімінен кейін, Ресей және Сауд Арабиясы құрамалары алғашқы ойынды бастады.

Айта кетсек, әлем чемпионаты 14 маусым мен 15 шілде аралығында өтеді. Чемпионатқа 32 ұлттық құрама қатысатын болады. Ойындар Ресей Федерациясының 11 қаласындағы 12 стадионда өтеді.