Назарбаев Индонезия президентіне көңіл айтты

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы «Lion Air» әуе компаниясының жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туған-туысқандары мен жақындарына, сондай-ақ барша Индонезия халқына көңіл айтып, қайғыларына ортақтастығымды білдіремін», – делінген жеделхатта.

Таңертең индонезиялық Lion Air авиакомпаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы теңізге құлады. Ұшақта Қазақстан азаматының бар-жоғын ҚР СІМ анықтады. Сонымен қатар, ұшаққа қанша адам отырғаны белгілі болды.