Индустрия және жаңа технологиялар министрлінінің мәліметі бойынша, «онлайн» режімінде Шымкент – Түркістан - Батыс Еуропа – Батыс қытай көлік магистралінің бір бөлігі, Қапшағай күн электр станциясы, Алматы облысындағы Жаркент крахмал зауыты, Қарағанды облысындағы темір бетон бұйымдар өндірісі, Қостанайда сұрыпты прокаттық зауыт пайдалануға беріледі.
Сонымен қатар, телекөпір барысында Түркістандағы газбен қамту және Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Химфарм» АҚ жаңа өндірістік қуаттылығы, Павлодар облысында күйдірілген анодтар өндіру зауыты, Маңғыстау облысында жол битумын өндіру зауыты, Шығыс Қазақстан облысында фотоэлектрлік пластиналар шығару зауыты іске қосылады.
Индустрия министрлігінің мәліметі бойынша, 2010 мен 2013 жылдар аралығында Қазақстанда Индустрияландыру картасының 600-ден астам картасы пайдалануға берілген.
Индустрияландыру картасы нысандарында 50 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылды.