"Кеше мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Иордания Хашимиттік Корольдігінің королі ІІ Абдалла бен Хусейн бен Талалмен телефон арқылы әңгімелесті", - деп хабарлады баспасөз орталығы.
Әңгіме барысында Қазақстан мен Иорданияның екі жақты ынтымақтастығын дамытудағы бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасылды. Сондай-ақ, Елбасы үстіміздегі жылы Қазақстан премьер-министрі К. Мәсімовтың Иордания Корольдігіне жұмыс сапары жоспарланып отырғанын хабарлады.