Назарбаев ислам елдерінің азық-түлік қауіпсіздігін өзара көмек көрсету жүйесін құру арқылы нығайтуды ұсынады

«Азық-түлік қауіпсіздігін нығайту мақсатында Ислам Конференциясы Ұйымы (ИКҰ) шеңберінде азық-түліктік көмек жүйесін құруды ұсынамын. Оған Ислам даму банкінің (ИДБ) құрылымында ФАО сияқты аймақтық қор мен ИКҰ мүше-елдердің азық-түлік пулдарын құру негіз бола алады», - деді президент сәрсенбі күні VII дүниежүзілік исламдық экономикалық форумда.

Осыған байланысты қордың штаб-пәтерін «азық-түліктің экспорттық әлеуетін қарқынды түрде дамытып отырған ел ретінде Қазақстанда орналастыруды» ұсынамын.

ФАО (FAO) – БҰҰ-ның азық-түлік ауыл шаруашылық ұйымы.

Бұрын хабарланғандай, 8 маусымда ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен дүниежүзілік исламдық экономикалық форум өз жұмысын бастады.