Назарбаев Кәрімовты президент сайлауында жеңіске жетуімен құттықтады

"Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастар одан әрі де бауырлас екі мемлекет халықтарының игілігіне орай қарқынды дами түсетіндігіне сенім білдірді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, тараптар, сондай-ақ,екі жақты қарым-қатынастарға қатысты жекелеген мәселелерді талқылаған.