Бұл өз кезегінде, Ресеймен кеден одағына мүше Қазақстан экономикасына әсер етуі ғажап емес. Сондықтан Елбасы бүгін Ұлттық банктің төрағасын қабылдап, Қайрат Келімбетовпен жағдай ушығып кеткен жағдайда не істеу керектігін сөз етті. Президент бас банкирге әлемдегі қаржылық ахуалды ұдайы бақылауда ұстауды тапсырды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
- Қазіргі жағдайда Батыстың не айтып жатқанына мән беріп отыру керек. Себебі біз Ресей, Беларусьпен бірге Кеден одағындамыз. Сондықтан қандай қауіп бар бәрін саралап елеп-екшеп отыруға тиіспіз.