Назарбаев кеме апатына байланысты Ресей президентіне көңіл айтты

«Волгада талай адамның өмірін қиған «Булгария» теплоходындағы апат туралы хабарды естігенде қабырғам қайысты.

Осындай қаралы күні мен өзімнің және барша қазақстандықтардың атынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Оларға біздің ыстық ықыласымызды жеткізуіңізді сұраймыз», - делінген хабарламада.
Теплоход өткен жексенбі күні Куйбышев су қоймасына батып кеткен. Кемедегі 200 шақты адамның 80-ге жуығы құтқарылды.