Назарбаев халықты сайлаудан қалмауға шақырды

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Әр азамат өзіне ұнайтын саясатын білетін алға бастауға жарамды деген кандидатты сайлап алады. Бұл бір мәселе. Сайлауды дүниежүзінде білгісі келетіндер көп. 1 мыңнан артық бақылаушылар келіп отыр,200-ге жақын ақпарат құралдарының өкілдері келеді. Менің айтайын дегенім сайлау өтеді деп үйде жатып алмай, сайлауға келіп дауыс беру керек. Неғұрлым көп халық келіп өзінің қатынасқанын көрсететін болса,соғұрлым Қазақстан өзінің бірлігін көрсетеді. Болашаққа деген сенімін көрсетеді. Мен халыққа сенемін.

Loading...