Назарбаев Митталға металлургтер мен кеншілерді ренжітпеуге кеңес берді

Еңбеккерлердің басты қорғаушысы өзі екенін жасырмаған  Елбасы, болат магнатынан жалақыны кешіктірмеуді талап етті,  - деп хабарлайды КТК арнасы. 

Теміртаудағы метталлургиялық комбинаттың қожайыны Лакшми Миттал президенттің ұсынысымен сөзсіз келісті. Осы кездесу үшін Лондоннан ұшып келген әлемдегі ең бай адамдардың бірі - компания табысының көбейіп келе жатқанын да қуана хабарлады.

Тіпті болат өндірісін 6 миллион тоннаға жеткізуге дайын екенін айтып ағынан жарылды. Ал Нұрсұлтан Назарбаев болса, үнді миллиардеріне металлургтер мен кеншілерді ренжітпеуді тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Қазір ең басты нәрсе – өндірісте жұмыс істейтіндердің әлеуметтік көңіл-күйі. Менің теміртаулық металлургтермен және қарағандылық кеншілермен қарым-қатынасым ерекше. Сондықтан  жұмыс орындары қысқарып, жалақы төленбей жатса, олар тікелей маған хабарласады.