Назарбаев Охот теңізінде ресейлік траулердің қирауына байланысты көңіл айтты

Н.Назарбаев өзінің және бүкіл қазақстандық халықтың атынан Ресей президентіне және қаза болғандардың жанұяларына көңіл білдірді, зардап шеккендерге жылдам сауығып кетуді тіледі, делінген бейсенбіде баспасөз қызметінен таралған ақпаратта.
Траулер бейсенбіге қараған түні Магаданнан 300 шақырым жерде теңізге батып кеткен болатын. Кеме құтқару туралы дабыл қақпаған. Траулер бортында болған 132 адамның 78-сы Ресей, 42-сі Мьянма, қалғандары Латвия, Украина, Вануату азаматтары. Соңғы деректерге қарағанда, 63 теңізші аман қалған. 15 адамнан әзірге хабар жоқ.
Бұл факті бойынша “қауіпсіздік ережелерін бұзу” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.