Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Елбасы облыс кәсіпкерлерімен және ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілермен кездесіп, аймақтың әлеуметтікэкономикалық көрсеткіштеріне оң баға берді.
Н.Назарбаев облыста агроөнеркәсіп кешенін дамытуға барынша жағдай жасалғанын, мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіліп келе жатқанын атап өтті. Соңғы 5 жылда облыс диқандары 2,3 млн тонна бау-бақша өнімін өндірген.
«Қазақстанда мұндай жоғары көрсеткішке қол жеткізген, табиғаты осынша қолайлы аймақ жоқ. Қазір бір ЕАЭҚ елдерімен арадағы шекарамызды ашып жатырмыз. Соған байланысты бізге өзімізді ғана емес, көрші елдерді де азық-түлікпен қамтамасыз етуіміз керек», - деді Н.Назарбаев.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы көлік инфрақұрылымы дамыту қажеттігін де баса айтты.