Caravan Logo

Назарбаев осы аптада барлық деңгей әкімдерімен кеңес өткізеді

Назарбаев осы аптада барлық деңгей әкімдерімен кеңес өткізеді

«28 қараша Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен кеңейтілген кеңес өткізіледі. Оған барлық деңгей әкімдері қатысады», - деп А.Абибуллаев бүгін Астанада өткен қысқаша баспасөз мәслихатында атап көрсетті.

Кеңесте аймақтарды дамыту, әлеуметтік-экономикалық тапсырмалар, сондай-ақ облыстарда мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы мен инвестиция тарту, индустриалдық-инновациялық жобаларды ілгерілету мәселелері талқыланады.