Бүгін Ақордада елімізге танымал академик Кенжеғали Сағадиевті қабылдаған президент ғалымдарға үнсіз отыра бермей, құлдыраған әлемдік экономика мен ушыққан геосаяси жағдайға қатысты пікір білдіріп отыруын сұрады. Және ол жай құрақ сөз емес, дәйек пен дерекке негізделген салмақты сараптама болуы тиіс. Себебі жұрт жаһандағы дағдарысқа қатысты пайым жасай алмай отыр. Сағадиев бұл олқылықтың орнын толтыруға уәде етті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
-Өзіңіз көріп отырсыз. Мына дүниеде дағдарысты айтқанда үндемейді. Нобель сыйлығының лауреаттары үндемейді. Ешқайсысы үндемейді.Ешқайсысы бір сараптама жасап қиындықтан шығудың жолын айтпайды. Осының бәріне біздің Ғылым Академиясы ғалымдардың пікірлерін,ойланып айтатын сөздері болуы керек. Олар енді осымен отыр ғой. Мен мына шаруашалықпен отырмын, ананы да қарауым керек, мынаны да қарауым керек.
Loading...