«2015-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында отбасылық қатынастар, моральдық-этикалық, рухани-адамгершілік құндылықтар жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын әзірлеу қажет», - деп Н.Назарбаев б8г3н Астанада «Бақытты отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпаздарымен кездесу кезінде атап көрсетті.
«Жоспар қоғамдық бірлестіктердің, БАҚ-ның қатысуымен бүкіл жұмыс кешенін қарастыруы тиіс. Президент әкімшілігі мен үкіметке екі ай мерзім ішінде осындай ұсыныс енгізуді тапсырамын», - дейді мемлекет басшысы.