Назарбаев пен Лукашенко Минскіден бекітілген келісімдердің Украинадағы жағдайды жақсартатынына сенімді

   Кездесуде Кеден одағы, Украина басшылары мен Еуропалық одақ өкілдерінің арасындағы кездесу қорытындыланды.

«Мемлекеттердің басшылары кездесуде қол жеткен келісімдердің Украинадағы ахуалды жақсартуға оң ықпал ететініне сенім білдірді», - деп хабарлайды Қазақстан басшысының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Н.Назарбаев пен А.Лукашенко екі ел арасындағы сауда-экономикалық, индустриалды-инновациялық және агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады.