Назарбаев пен Медведев РФ президентінің алдағы Қазақстанға жасайтын сапарына дайындық жайын талқылады

Қазақстан басшысы Д.Медведевті Ресей Федерациясының президенті лауазымындағы белсенді қызметінің басталуымен және елдің жаңа үкіметінің жасақталуымен құттықтады.

Қазақстан - Ресейдің жаңа президенті ресми сапар жасайтын бірінші ел болып белгіленгені мәлім. Осыған орай Нұрсұлтан Назарбаев пен Дмитрий Медведев алдағы болатын сапарға дайындық жайын талқылады. Әңгіме барысында екіжақты экономикалық және саяси ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ халықаралық саясаттың кейбір мәселелері қозғалды.

Дмитрий Медведевтің Астанаға сапары 22 мамырға жоспарланып отыр.