Назарбаев пен Путин интеграция және сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Ел басшылары екіжақты қатынастардың басымдық бағыттарын және сауда-экономикалық салада ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылады, делінген Н.Назарбаевтың баспасөз қызметінен бейсенбіде таралған ақпаратта.

Сонымен қатар еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық өз ара ықпалдастық мәселелері, оның ішінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысын дайындау барысы талқыланған.

Екі елдің басшылары Гаагада аяқталған ядролық қауіпсіздік саммитінің нәтижелері бойынша да пікір алмасты.


Н.Назарбаев және В.Путин ынтымақтастықтың бүкіл бағыттары бойынша толық түсіністіктің бар екендігін атап өтті.