Назарбаев пен Путин н Челябинск қаласының орталығындағы бір көшені жаяу аралап шықты

"Арбат" көшесіндегі көрнекті орындарды аралап көрген мемлекет басшылары Ирландия сырасын сататын дәмханаға бас сұғып, бір-бір бокал сыра ішті.

Қазіргі жағдаймен Н.Назарбаев пен В.Путин екі елдің шекаралас өңірлері жетекшілерінің қатысуымен өтетін кеңесті ашты. Онда екі жақты аймақаралық шекаралық ықпалдастық, Ресей мен Қазақстан арасындағы шекаралық сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі өрістету мәселелері сарапқа салынады.