Назарбаев пен Рахмон Қазақстан - Тәжікстан транзиттік жолының салынуына қызығушылық танытып отыр

"Біз жеке өткен әңгімеде тікелей Қазақстан - Қырғызстан - Тәжікстан автомобиль және темір жолдарын салу мәселесін жақсылап зерттеу жайында келістік", - деді Қазақстан басшысы келіссөздерден кейін өткен баспасөз мәслихатында.

"Менің ойымша, біздің көлік министрліктеріне берген тапсырмаларымыз жақсы болашаққа ие болады. Біз үшін бұл пайдалы транзиттік аумақ. Біз Тәжікстан арқылы болашақта Ауғанстанға шығып, әрі қарай Пакистанға немесе тағы бір транзиттік жол Иран жағына шығуымызға болады", - деп атап көрсетті Н. Назарбаев. "Бұл біз үшін өте қызықты және аса маңызды мәселе деп ойлаймын", - деді ол.

"Жобаның жүзеге асырылуы біршама шығынды қажет етеді. Бірақ олар әрқашан өзі ақтайды. Егер де біз жеке инвестиция тарту арқылы немесе концессиялық негізде саламыз деп келіссек онда ақша табамыз", - деп есептейді Н. Назарбаев.