Назарбаев: Президент ауруханасында қарапайым адамдар да емделуі тиіс

Жаңадан тұрғызылған Елордадағы клиникалық-оңалту кешені Президент Іс басқармасының Медициналық орталығына қарайды. 13 ғимарат, 4 емханадан тұратын, бір ауысымда мың науқасты қабылдайтын қауқары бар. Әлемде бар  озық медициналық техникалармен жабдықталған. Еліміздің ең таңдаулы дәрігерлері де, осында жұмыс істеуге шақыртылыпты. Ғимаратты асықпай аралаған Елбасы, Ресейдің Кремль ауруханасында емделгендердің 20 жыл артық өмір сүретіні туралы ақпарат оқығанын айтты. Осындай, деңгейге жетуді тапсырған Нұрсұлтан Назарбаев, бұл жерде мемлекет басшысы депутаттар, шенеуніктер ғана емес, қарапайым науқастардың емделуі тиіс деді.

Нұрсұлтан Назарбаев,  Қазақстан Республикасының Президенті:

-
Көбінесе біздің жұртшылық, Еуропаға барады. Германияға, Австрияға, Кореяға барады,қолынан келгені Америкаға барады. Енді осында келетін болсын. Егер мына клиникадан шығып жатқан аурулардың барлығы ертең айтатын болса «осы жерден шықтық,емделдік» деп атақтарың жайылып жер жарады. Сосын келетін болады.

Мемлекет басшысының осындай сөзінен шабыт алған дәрігерлер әр науқасқа ерекше көңіл бөлуге уәде етті. Және тығыз жұмыс кестесінен уақыт тауып келген мәртебелі мейманға жанды дауыста баян мен гитараның сүйемелдеуінде ән шырқап берді. 

Loading...