Назарбаев президент жанынан жаңа реформаларды жүзеге асыратын ұлттық комиссия құруды тапсырды


«Ұсныылған шаралар Қазақстандағы қоғамдық қатынастар жүйесін түбегейлі өзгертеді. Оларды өткізу үшін президент жанынан жаңғырту жөнінде ұлттық комиссия құруды ұсынамын. Оған қоғам арасынан кәсіпқойларды енгізу қажет», - деп Н.Назарбаев бүгін Астанада «Нұр Отан» партиясының XVI құрылтайында атап көрсетті.
«Бұл комиссия бес қосалқы топ құрады және менің тікелей бақылауыммен бүкіл реформалар кешенін жүзеге асыруды үйлестіретін болады», дейді президент.
«Қазір мен айтып отырған бес институционалдық реформаның әрқайсысы үлкен сын және өте үлкен шаруа. Қарсылықтар мен түсіндірулер болатыны сөзсіз, алайда бұл бағдарлама да өзгеріске ұшырауы мүмкін, өйткені бәрін бірдей алдын ала болжай алмаймыз», - дейді президент.