Назарбаев президенттіктен үміткер ретінде тіркелді



Н.Назарбаевты үміткер ретінде тіркеу туралы шешім бүгін, 7-қазанда Орталық сайлау комиссиясының отырысында қабылданды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Н.Назарбаевты Қазақстан Республикасының президенттігінен үміткер ретінде тіркеу туралы құжаттар 12-қыркүйекте келіп түскен.
Баспасөз қызметінің хабарламасына сәйкес, Орталық сайлау комиссиясына "Отан" Республикалық саяси партиясы" қоғамдық бірлестігінің атынан Қазақстан Республикасының президенттігіне Нұрсұлтан Назарбаевты ұсыну туралы шешім қабылданған кезектен тыс ҮІІІ сьезі хаттамасының үзіндісі және аталмыш қоғамдық бірлестіктің Республиканың әділет министрлігінде тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі; Н.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының президенттігіне үміткер ретінде дауысқа түсуге келісім бергені жөніндегі өтініші; Н.Назарбаевтың өмірбаяндық деректері; азаматтардың Н.Назарбаевты қолдап жинаған қолдарын тексерудің нәтижесі туралы аумақтық сайлау комиссиясының хаттамалары;
кандидат пен оның жұбайының табысы және мүлкі жөнінде декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы; кандидаттың сайлау жарнасын енгізгендігін куәландыратын құжаттар тапсырылды.
Қазақстандағы кезекті президент сайлауы 2005-жылдың 4-желтоқсанында өтеді. Қазақстан президенті бүкілхалықтық, тең әрі тікелей сайлау құқығының негізінде құпия дауыс беру арқылы 7 жылға сайланады. Бұған дейінгі президент сайлауы 1999-жылдың қаңтар айында өтті.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті