Назарбаев профессор Скотпен Қазақстандағы мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелерін талқылады

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, кездесу барысында Грэм Скотт Нұрсұлтан Назарбаевты әкімшілік реформа жүргізудің техникалық жағы туралы хабардар етті. Тараптар сондай-ақ, қорытынды нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін құру мәселесін талқылады.

"Қазақстан әкімшілік реформалардың бастапқы кезеңінде министрліктер 3 жылға стратегиялық жоспарды бекітеді. Онда министрлік жұмысының нәтижелік индикаторлары белгіленетін болады. Бұл индикаторларға осы мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламалары да тәуелді болмақ", - деп мәлімдеді Г. Скотт кездесуден кейінгі брифингте.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті