"Біздің әліпбиімізді латынға көшіру жөніне келер болсақ, бұл жеңіл жұмыс емес. Қазір бұл бірінші кезектегі міндет болып табылмайды және біздің бұл істе асығуымыздың қажеттілігі жоқ", - деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.
"Біз өте қырағы болуымыз керек. Оның үстіне, Қазақстанда жүзден астам ұлт өкілдері тұрады", - деді президент. "Бізге керегі еліміздегі тұрақтылық пен тыныштық", - деді ол.
"Біздің әліпби ауыстыруға қашан дайын боларымыз белгісіз. Бұған уақыт керек", - деп сөзін қорытындылады мемлекет басшысы.