Мемлекет басшысы "Мәдени мұра" бағдарламасының аясында шетелдерден Қазақстанға қазақ тарихына қатысы бар 5 мыңнан астам материалдың көшірмелері әкелінгенін айтты. "Енді сіз бен бізге осы жылдар ішінде табылған мұраны кешенді және жан-жақты зерттеу жұмысы тұр. Шетел мұрағаттарынан орасан зор ақшаға сатып алынған құжаттарды біздің мұрағаттарымызда шаңға бастырып қоюға әсте болмайды", - деп атап көрсетті ол. "Сондықтан, "Мәдени мұра" бағдарламасы аясында табылған барлық материалдарды ғылыми айналысқа жіберуді қадағалау керек", - деді Н. Назарбаев.