"Сіздердің кейбіреулеріңіз "Нұр Отан" партиясына, оның жастар қанатына кіргендеріңізді білем. Бұл жұмысты күшейтіп, саяси өмірге қатысу керек",- деді Н. Назарбаев бағдарлама стипендиаттарына қарап сөйлеген сөзінде. "Сіздер үшін бұл саяси өсу мектебі",- деп атап көрсетті ол.
"Нұр Отан" болашақтың, яғни сіздердің партияларыңыз болғандығын қалаймын. Сондықтан да сіздердің белсенді көмектеріңіз бен қолдауларыңыз керек",- деп үндеу жолдады президент жастарға.
"Егер көпұлтты Қазақстанда саяси тұрақтылық пен тыныштық болмаса, онда ештеңе де болмайды. Міне, мен неге осының бәрін сақтап, ақырындап алға жылжығым келеді", - деп атап өтті мемлекет басшысы.