Назарбаев "Қазақстан-2050" стратегиясы орындалып, тарихқа енеді деп сенеді

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның жаңа саяси бағыты -2050 жылға дейін даму стратегиясы толығымен орындалады, деп сенеді.


           "Аздап армандап көрсек, 2050 жылы үкімет бұл бағдарламаның орындалғандығын қорытады, сонда бүгінгі студент, ол кездегі тарихшы өз мақаласына 2012 жылы сол кездегі президент осы бағдарламаны ұсынып еді, біз оны орындадық, деп жазатын болады", деді Н.Назарбаев Астанада сейсенбіде Дамушы рыноктардың еуразиялық форумында сөйлеген кезінде.
           Н.Назарбаевтың топшылауынша, тарихшы мақаласына "Қазақстан бәрімен тең интеграцияланған, ғылыми, интеллектуалды тұрғыдан дамыған, білім беру мен денсаулық сақтау деңгейі жоғары, техникалық мүмкіндіктері зор, көрші елдерге көмек беретін,өзі дамып отырған, бейбітшілік, интеграция және береке тән ел" деп жазатын болады.