онда 2014 жылы ұлттық қауіпсіздік стратегиясының жүзеге асырылуы талқыланды және биылғы жылдың өзекті міндеттері белгіленді, деп хабарлады елбасының баспасөз қызметінен.
Президент көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев ұлттық қауіпсіздіктің жағдайы туралы және осы саладағы мемлекеттік органдардың қызметі туралы айтып берді, делінген сейсенбіде таралған ақпаратта.
"Елбасы атап өткендей, қолданылып отырған шаралардың арқасында ұлттық мүдделердің лайықты деңгейде сақталуы қамтамасыз етілген. Дегенмен, діни-экстремистік, террористік және экономикалық сипаттағы қауіптер бар, олар ғаламдық және аймақтық үрдістерге байланысты болып отыр”, делінген онда.
Осы орайда президент Қазақстанда экстремизмге қарсы ықпал ету үшін террорға қарсы инфрақұрылымды жетілдіруді тапсырды.
"Түсіндіру жұмыстары біздің азаматтардың бойында экстремистік идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыруға бағытталуы шарт”, делінген онда.
Отырыста сондай-ақ әскери, қоғамдық, экологиялық, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты мәселелер қаралған.
Қорытындысында елбасы үкіметке бірқатар нақты тапсырмалар берді. Олардың орындалуын бақылау қауіпсіздік кеңесінің хатшылығына жүктелді.