Назарбаев Қазақстанда патриоттық фильмдер түсіру қажеттілігін атап өтті

"Нұрсұлтан Назарбаев патриоттық тақырыптағы фильмдердің қажеттілігіне тоқталды, өйткені олар өсіп келе жатқан ұрпақ тәрбиесіне жақсы ықпал етуге тиіс", деп хабарлады елбасының баспасөз қызметінен.

Президент Қазақ хандығының әр түрлі тарихи мерзімдеріне арналған киноленталарды түсірудің өзекті екендігін атап өтті.

"Қазақфильм" деректеріне қарағанда, жылдың соңына дейін киностудия прокатқа әр түрлі тақырыпта 8 фильм шығармақ. Қазақстандық картиналардың өткен жылы 1 млн аса көрермені болды.