"Қазақстандық бітімгершілер онда адамдардың өмірін сақтап қалу үшін жүр",- деді президент. Дегенмен, президент осы орайда "кейінгі кездері халықаралық коалицияға қатысушылардың саны азая түсуде" дегенді атап өтті.
Өздеріңізге мәлім, Иракта "Қазбат" бітімгершілік батальонының инженерлік-саперлік отряды жұмыс істеуде. 2005-жылдың 9-қаңтарында отряд капитаны Қайрат Құдабаев Ирактың Васит провинциясында оқ-дәрілерді түсіру барысында қаза тапты. Қазақстандық тағы да төрт әскери қызметкер сол күні жарақаттанды.