Қаржы секторына қатысушылармен дұрыс диалог қалыптастырудың маңызы зор. Шұғыл шараларды қолға алғаннан кейін ғана экономиканы ынталандыруға көшуге болады», - деді президент халыққа арнаған жолдауында.
«Мен жаңа басшылықтың Ұлттық банкті сауаттылықпен басқарып, халықтың банкке, өзіне деген сенімін қайтарады деп сенемін. Біз ұлттық валютаға сенуіміз керек. Қазір азаматтардың ақша жинауына ең қолайлы валюта – теңге», - деді Н.Назарбаев.