Назарбаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл қазақстандықтарды мұсылмандардың аса құрметті мерекелерінің бірі- Ораза айт мейрамымен құттықтады.


           "Бұл мереке Қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіреді, исламның бірнеше ғасыр бойы қалыптасып келе жатқан дәстүрлерін айшықтай түседі, оның игілік, кеңпейілділік, қайырымдылық сияқты маңызды рухани құндылықтарын бейнелей түседі", делінген бейсенбіде ресми баспасөзде жария етілген елбасының құттықтауында.
           Н.Назарбаев атап өткендей, Қазақстан халқы өзінің үлгісі арқылы исламның келісім мен толеранттылық, жасампаздық пен үйлесімділік діні екендігін көрсетіп отыр.
           "Біздің елде Ораза айт тек мұсылмандарды ғана емес, бүкіл қазақстандықтарды біріктіріп отыр. Қазақстан халқының туған жерге деген махабатты, парасаттылығы, еңбекқорлығы, үлкендерге деген құрметі және өзін қоршаған адамдарға деген көмегі ерекше".
           Елбасы бүкіл қазақстандықтарға рухани күш, оптимизм, табыс, мықты денсаулық, бақыт және береке тіледі.
           Ораза айт Қасиетті Рамазан айы аяқталған соң үш күн мерекеленеді. Дәл осы айда Аллаһ адамдарға Құран түсірген, деп саналады.