Назарбаев қазақстандықтарды отандық көлікке мінуге шақырды

«Мен алғашқы қазақстандық SsangYong Nomad көлігін назарыңызға ұсынып отырғаныма қуаныштымын. Енді Қазақстанда көліктердің толыққанды өндірісі құрылды, бұл басы ғана, алдыда Toyota Nomad жобасын іске қосу, Кеден одағы нарығына шығару, жаңа брендтер тарту бар», - «СарыарқаАвтоПром» компаниясының директоры Алексей Сидоренко Индустрияландыру картасының инвестициялық таныстыруға арналған жалпыұлттық телекөпір барысында атап көрсетті.

Мемлекет басшысы компания ұжымын осы айтулы оқиғамен құттықтап, барлық қазақстандықтарды бұдан былай тек отандық көліктер сатып алуға шақырды.