Назарбаев қазақстандықтардың Сириядағы әскери іс-қимылдарға қатысуына ерекше назар аударуды тапсырды


Кездесу барысында Н.Әбіқаев президентке ҰҚК қазіргі қызметі туралы және алдағы мерзімге белгіленген негізгі міндеттері жайында айтып берді, делінген жұмада таралған ақпаратта.
"Кездесу барысында Қазақстан президенті халықаралық терроризм мен экстремизм қауіптеріне қарсы ықпал етуге бағытталған барлық шараларды қабылдау маңыздылығын атап өтті, әсіресе Сирия аумағына біздің елдің азаматтарының баруы және онда әскери іс -қимылдарға қатысуы жағына ерекше назар аударуды тапсырды", делінген онда.
Кездесу нәтижелері бойынша Елбасы бірқатар нақты тапсырмалар берді.