Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстаннан, тіпті, кезекті демалыс кезінде де кеткісі келмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.
"Мен әлемнің барлық мемлекетінде болып көрдім. Сондай-ақ, 200-ден астам президентпен жүздестім. Дүниежүзінің ең әдемі жерлерін араладым десем де болады. Алайда Қазақстаннан ешқайда кеткім келмейді, тіпті, кезекті демалыс кезінде де. Себебі, біздің Қазақстанда, біздің отанымызда барлығы бар", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.