Қазақстан болашақта әлемдегі келешегі зор ұлттар қатарынан лайықты орын алады, деп мәлімдеді президент Нұрсұлтан Назарбаев.
«Мен Қазақстанның болашақта әлемдік даму үлгісінде лайықты орын алып, келешегі зор ұлттардың тізіміне енеді», - деді Н.Назарбаев сейсенбі күні Астанада өтіп жатқан Дамушы рыноктардың еуразиялық форумында.
«Дамыған мемлекет атанғымыз келсе басқа жол жоқ», - деп атап өтті ол.
«Көптеген халықаралық сарапшылардың пікірінше, Қазақстан жақын келешекте, осы ғасырдың ортасына дейін тамаша табыстардан үміткер аздаған мемлекеттің бірі болып табылады», деді президент.