Назарбаев Қазақстанның "таза энергетикасын" дамыту жөніндегі агенттік құруды тапсырды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "таза энергетиканы" дамыту жөніндегі агенттік пен альтернативті энергия жобаларын қолдау орталығын құруды тапсырды.


           "Халықаралық сарапшылардың санауынша, Қазақстанның болашақ энергетика әлуеті елеулі, 2050 жылға қарай альтернативті энергия біздің елде өндірілетін бүкіл энергияның жартысына жуықтауға тиіс", деді президент сейсенбіде Астанада Дамушы рыноктардың еуразиялық форумында.
           "Бұл салада кешенді институционалды жолды қолдану керек , біріншіден "таза энергетиканы" дамыту жөніндегі агенттік құру керек. Екіншіден альтернативті энергия жобаларын қолдау орталығын құру қажет. Үшіншіден, энергосервистік компаниялардың құрылуын қамтамасыз ету шарт. Төртіншіден, энергия үнемдеуші шаруашылық субъектілерді ынталандыру керек", - деді Н.Назарбаев.
           Ол "Энергия үнемдеуден көшбасшы" бағдарламасын әзірлеуді және сондай кәсіпорындар мен ұжымдарды ынталандыруды ұсынды.