«Жетекші университеттердің біртіндеп академиялық-басқару автономияға өтуіне жоспарлы түрде кірісу қажет», - деп президент бүгін Астанада Қазақстан халқына арнаған жолдауында атап көрсетті.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы 2017 жылға дейін үш жыл ішінде мектептерде оқу орындарының жетіспеу проблемасын жою жөнінде үкіметке тапсырма берді.
Елдің барлық мектептерін тексеріп, шалғай жерлердегі үш ауысымдық оқыту бар жерлерді, екі ауысымдық ету қажет. Егер қажет болса, үкімет пен әкімдер бюджеттен қаржы бөліп, осы мәселені шешуді қарастыруы қажет.